Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Біздің ауданымыз да түрлі ұлт өкілдерінің өзара ауызбіршілікте күн кешіп жатқан, халқының ынтымағы жарасқан мекен. Өңірімізді мекен етіп отырған түрлі ұлт өкілдері аудан өмірінің әр саласында лайықты еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Бұл да еңбек қатынастары арқылы бір ортада біте қайнасқан тұрғындардың өзара сыйластығы артып, бір-біріне деген алғысының молаюына ықпал ететіні сөзсіз.
Қадірменді жерлестер!
Бүгінгі мерейлі күнде әрбір меркілік отбасына қажырлы еңбек, тағлымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін, шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын.
Ізгі ниетпен аудан әкімі Ж.Баубеков