Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 17 ақпанда Меркі аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржыландыру және сайлауға дайындықтың өзге де мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

2023 жылғы 17 ақпанда  Меркі аудандық сайлау комиссиясы                 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржыландыру және сайлауға дайындықтың өзге де мәселелері бойынша                            семинар-кеңес өткізді.

 

2023 жылғы 17 ақпанда Меркі аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен  2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен  мәслихаттары депутаттарының  кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және  хатшылары  қатысты.

  Семинар-кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  1. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссиялары мүшелерінің қашықтықтан тест тапсыруын ұйымдастыру туралы»;
  2. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы».
  3. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржыландыру мәселелері туралы;
  4. «Сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы»;

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш. Абылкасымов                    

Алдағы сайлау науқанының саяси маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ сайлау туралы жұртшылықты неғұрлым толық хабардар ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясының сыртқы баннерлерінің эскиздеріне сәйкес аудан бойынша 46 дана ақпараттық баннерлер әзірленіп, аудандағы елді мекендердің көрнекті жерлеріне орналастырылғанына тоқталды.

Бұдан бөлек  ҚР ОСК сайлаушыларға арналған үндеулері және өзге ақпараттық-түсіндіру материалдары жергілікті БАҚ беттерінде және аудан әкімінің сайтындағы «Сайлау»  парақшасына тұрақты түрде жарияланып отырғандығын атап өтті.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г. Далиева                    

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері қашықтықтан оқыту және тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтуін ұйымдастыру және сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы баяндама жасады.       Г. Далиева өз баяндамасында,еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру сайлау комиссиясының әрбір мүшесінің кәсібилігі мен құзыретінің деңгейін әрдайым арттыру қажет.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің  ауысуы жаңа құрамдарды даярлауда үздіксіздікті талап етеді.  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлау жүйесінің органдары сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыратындығын және өткізетіндігіне түсіндірме берді.

Меркі ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімшесінің бас инспектор - бухгалтері Б. Керимкулова өз  баяндамасында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын түсіндірді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 февраля 2023
Дата обновления
17 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы