Меркі аудандық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104 бабы 6-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының шешімдерімен Меркі аудандық мәслихатының депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:
№2 сайлау округі бойынша:
- Камалов Казыбек Калдыбаевич, 1992 жылы туылған, «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы, Меркі ауданы Ойтал ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№4 сайлау округі бойынша:
- Несіпқұл Мадияр Несіпқұлұлы, 1994 жылы туылған, «Асан көмек» мүгедектер корпоративтік қорының нұсқаушы, Меркі ауданы Меркі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№7 сайлау округі бойынша:
- Улыкпанов Ербол Сейдалиевич, 1974 жылы туылған, жеке кәсіпкер, Меркі ауданы Тәтті ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№9 сайлау округі бойынша:
- Абишев Болат Ильясович, 1972 жылы туылған, №12 жалпы білім беретін орта мектебінің педогог-психологы, Меркі ауданы Ойтал ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.