Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 27 қаңтарда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері туралы семинар-кеңес өтті.

2023 жылғы 27 қаңтарда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері туралы семинар-кеңес өтті.

 

2023 жылғы 27 қаңтарда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен  2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары және  мекеме басшылары (тізім бойынша) қатысты.

  Семинар-кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы.
  2. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың ұсынылу мен тіркелу тәртібі туралы (ст.86-89). Сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері туралы.
  3. Сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру туралы (ст.27-32).
  4. Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша: Облыстық сайлау комиссиясының  төрағасы С. Айдапкелов 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және сайлау  заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы түсінік берді. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С. Мадиева сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру  туралы баяндама жасады. Өз баяндамасында, сайлауды ақпараттандыру сайлау процессінің негізгі бағыттарының бірі екеніне ерекше назар аударды.

         Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Т. Жамалов,                        М. Сембеков өз кезектерінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың ұсынылу мен тіркелу тәртібі, сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері, сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы баяндама жасады.

Баяндамашы Т. Жамалов әрбiр азамат сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенiн тіркелу орны бойынша сайлаушылар тізіміне қосылуын сайт немесе тиісті әкімдіктің Call-орталығы арқылы тексеруге болатындығын атап өтті.

Жиын соңын комиссия төрағасы С.Айдапкелов қорытындылай келе, аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, жалпы семинарға қатысушыларға сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде сайлау заңнамасы нормаларын бұлжытпай орындауды қатаң тапсырды.

 

Дата публикации
27 января 2023
Дата обновления
27 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы