«Ақарал ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ақарал ауылдық округі әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
Оның ішінде:
- 5 қызмет электрондық және қағаз түрде көрсетіледі.
2021 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны көбейген.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Ақарал ауылдық округі әкімінің аппаратында 143 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 141 қызмет көрсетіледі.
- Қағаз түрінде – 2 қызмет көрсетіледі.
Ақарал ауылдық округінің әкімі Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Ақарал ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Сонымен қатар, Меркі ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп) мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша 60 халықты қамтылған 4 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.