Рысқұлов ауылдық округі әкіміне тіркелінген кандадаттар туралы
Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкіміне төмендегі кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Рысқұлов ауылдық округі бойынша
- Өзін-өзі ұсынған ұсынған Байкулов Бахтияр Усенович, 1979 жылы туылған, «Merke Industry» ЖШС жұмсақ жихаздар цехының бригадирі, Рысқұлов ауылында тұрады.
- Өзін-өзі ұсынған Медетбеков Махсат, 1982 жылы туылған, «Kausar Invest Corporation» ЖШС директоры, Сарымолдаев ауылында тұрады.
- Өзін-өзі ұсынған Узбекбаев Нурсултан Серикович, 1991 жылы туылған, Ойтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - ӘТО инспекторы, Сарымолдаев ауылында тұрады.
- Өзін-өзі ұсынған Шимиров Аманбек Усенович, 1979 жылы туылған, Меркі аудандық орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесінің шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары, Жамбыл ауылында тұрады.