Меню

Страницы

Статья

Тезис

Меркі ауданының әкімі Ж.Н.Баубековтың

өзіне   жүктелген   функциялары мен

міндеттерін орындауда атқарған

жұмыстары туралы аудандық

мәслихат депутаттары алдындағы есебі

/2022 жыл 29 шілде/

 

                  

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Мәслихат алдында әкімдердің есебін жүргізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес есеп беруге рұқсат етіңіздер.

 

Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді. Осыған байланысты 2021 жылы Сіздер көтерген проблемалық мәселелерге тоқталып өтсем:

Аудан әкімі өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөнінде аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебіндегі ескертулер мен ұсыныстардың іс-шара жоспарына 14 мәселе бекітілді. 14 мәселенің 12 орындалды, 1 мәселе тұрақты бақылауға алынды (Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру),  1 мәселе орындалу үстінде (Беларық, Ақ жол, Тәтті, Аспара, Ақермен, Кеңес ауылдық клубтарының қазандықтарын газға қосу).

 

Меркі ауданының 2022 жылдың 6 айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы:

 

Аудан бюджеті.

2022 жылдың 6 айының қорытындысымен аудандық бюджеттің кірістер жоспары 7 433,3 млн.теңгеге жоспарланып, 8402,4 млн.теңгеге немесе 113,0%-ға орындалды. Өзіндік кірістер – 1 956,3 млн. теңгеге (198,1%), трансферттердің түсімдері бойынша – 6 446,0 млн.теңгеге (100,0%) орындалды.

Аудан бюджетінің шығындары 7 595,1 млн.теңгеге жоспарланып, 7 594,1 млн.теңгесі игерілді немесе 100,0% құрады.

 

Салық.  2022 жылдың 6 айының қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 3218,5 млн.теңге (2021 жылы 3 088,4 млн.теңге былтырғы жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға орындалды) салық және басқа міндетті төлемдер  түсіп, 155,4%-ға орындалды. (Оның ішінде республикалық бюджет-103,7%, жергілікті бюджет – 169,3%).

          Өнеркәсіп саласы:

Аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 3129,3 млн.теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,7% құрады. (2021 жылы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 2597,9 млн. теңгені құраған).   2021 жылы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданнан жалпы құны 257,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба ұсынылды. Атап айтқанда:

 

        Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген «Bester Yard» ЖШС-нің «Балық шаруашылығы және балық өңдеу» жобасы 2022 жылдың ІІ жартыжылдығында іске асырылып, 45 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұдан бөлек 2023 жылы іске асырылуы жоспарланып отырған «Бахор» ШҚ-ның «Тауарлы сүт фермасы» және «Мерагро» ЖШС-нің «Ұн тарту өндірісі» жобалары кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген.

 

         2022 жылдың қаңтар-маусымында аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілернің саны - 4913.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция  көлемі 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 7891,6 млн.теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,6 % құрады. (2021 жылдың қаңтар-маусым айлары 7515,0 млн.)

         2022 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 5818,2 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда НКИ 126,2% құрады. (2021 жылдың қаңтар-маусым айлары 4112,5 млн. құраған).

 

Туризм саласы:

Меркі ауданында 6 қонақ үй (сыйымдылығы 164 төсек орын) 1 «Тұран» атты демалыс аймағы (сыйымдылығы 31 төсек орын) жұмыс атқаруда. Радонды сумен емдеуге арналған «Меркі шипажайы» (сыйымдылығы 430 төсек орын) және «Мейірім Меркі» (сыйымдылығы 100 төсек орын) шипажайлары аудан тұрғындары мен еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер мен қонақтарға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар ауданымызда «Мм Меркі» сауда орталығында «Astana park» кинотеатры орналасып, ауданымыздың тұрғындарына және басқа өңірлерден келген қонақтарымызға қызмет көрсетуде.

Туризм басқармасымен біріге ауданымызда орналасқан 7 тарихи-мәдени ескерткіштеріне QR-код тастары орнатылды («Сандықтас», «Көккөл», «Ботбай баба» монументі, «Меркі табиғи қаумалы», «Қара кемпір» ескерткіші, «Аспара қалажұрты» және «Намаз батыр» ескерткіші). Енді кез-келген турист «Taraz Tour»  мобильді қосымшасы арқылы ауданымыздағы QR-код тастары орнатылған туристік нысаны бойынша толық ақпарат ала алатын болады.

 

Жол сервистік нысандар бойынша:

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойында ауданымызға қарасты 8 жол сервистік нысан бар. Оның ішінде, «Гелиос» (С), «Синойл» (C) «Газэнерджи» (C), «Qazaq oil» (C)   жанар-жағармай құю станциялары мен «Азия» (C)  және «Ақжол» (C) кафелері Ұлттық стандарт категорияларына кіреді. (Ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін «Анипа», «Балтабай» кафелері).

 

Туристік маршрут бойынша:

Сонымен қатар, ауданымыздың туристік әлеуетін жоғарылату мақсатында «Мұздық-Көккөл-Сандық» маршруты бойынша тас жолын салу қарастырылуда.

 

Ауыл шаруашылығы саласы:

2022 жылдың 6 айында  жалпы өндірілген өнім көлемі 9 млрд. 302,3 млн. теңгеге жетіп, нақты физикалық индекс көлемі 104,2% құрады. (2021 жылы 6945,3 млн.теңге).

2022 жылдың 6 айында ауылшаруашылығы саласының негізгі капиталына 1581,1 млн. тг немесе өткен жылмен салыстырғанда 118,5%, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 919,4 млн. тг немесе өткен жылмен салыстырғанда 116,8 пайыз инвестиция тартылды. 

 2022 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 102400  гектарға орналастырылды.  Бұл 2021 жылмен салыстырғанда  1200  гектарға арттық немесе 100,6 пайыз.

 

Көктемгі дала жұмыстарының барысы. 

Күздік бидай жоспар-26960 га, нақты егілгені 26960 га, орындалуы 100 %

Жаздық арпа жоспар 29717 га, нақты егілгені 29717 га орындалуы 100 %

жоңышқа жоспар 5000 га, нақты егілгені 5000 га орындалуы 100 %

мақсары жоспар 7540 га, нақты егілгені 7540 га орындалуы 100,0 %

жүгері жоспар 665 га, нақты егілгені 665 га орындалуы 100 %

қант қызылшасы жоспар 2000 га, нақты егілгені 2008 га орындалуы 100,4%

көкөніс жоспар 2370  га, нақты егілгені  2370 га орындалуы 100 %

бақша жоспар 450 га, нақты егілгені 450 га орындалуы 100 %

картоп жоспар 1055 га, нақты егілгені 1055 га орындалуы 100 %

2022 жылы егін жинау науқанына 56677 гектар алқап жинаудан өткізу жоспарланып бүгінгі таңда 39721 гектардан 71895 тонна өнім жиналып орташа гектар қайтарымы 18,1  центнерден айналуда.

 

Мал азығын дайындау.

2022-2023 жылдарға мал қыстату науқанына жоспарланған  177600 тонна шөптің 103890 тоннасы 58,5 пайызы, жоспарланған 7000 тонна пішендеменің 7000 тоннасы 100 пайызы, жоспарланған 47700 тонна сабанның 34571 тоннасы 72,5 пайызы дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

         Кооперативтер бойынша: Аудан бойынша барлық ауылдық округтерде мүшелері бар сүт бағытында 6 АШК (ауылшаруашылық кооперативі), ет бағытында 5 АШК құрылып, жұмыс жүргізуде. Ет бағытындағы кооперативтер 201 тонна ет өндірді. Сүт бағытындағы кооперативтер 333,1 тонна сүт өндірді.

 

         Пилоттық жоба: Жалпы Сұрат ауылдық округі бойынша 519 млн. 542 мың теңгеге 181 несие берілді, оның ішінде 494 млн. 252 мың теңге 3786 бас мал сатып алуға, 15 млн. 700 мың теңге 2 жылыжай құрылысын жүргізуге, 9 млн. 590 мың теңгеге шырын өндіру цехын ашуға. Сонымен қатар, 24 млн. 300 мың теңге АШК-не айналым қаражатына, 97 млн. 275 мың теңге 22 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға беріліп, тиімді жұмыс ұйымдастырылды. Бұдан бөлек биылғы жылға Ақермен ауылдық округін пилоттық жобаға енгізу үшін облыстық бюджеттік қаражат бөлінуде.

 

Слайд №16

         Каналдар мен ұңғымалар бойынша:

Ағын су мәселесін шешу мақсатында ауданда 4 су қоймасын салу жоспарлануда.

«Қазсушар» РМК ЖФ Меркі ӨБ теңгеріміндегі 40 дана каналға Евразиялық даму банкінің бағдарламасы аясында 2998,0 млн. теңге бөлініп, 2020-2022 жылдар аралығында қайта қалпына келтіру (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 225,55 км. Оның ішінде жер арық 86,4 км, темір бетон қапталғаны 139,15 км.

 

Жер саласы бойынша:

2022 жылдың 6-айына электронды түрде 1 аукцион өткізіліп, 6 жер (ауданы 3,1625 гектар) құны 2 312 117 теңгеге сатылды.

Ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға қосу бойынша:

Бүгінгі күнге ауылдық округтердің қоғамдық кеңес мүшелерінен және облыстық Кәсіпкерлер палатасынан келісім алынып, жалпы ауданы 390 гектар (35 жер) оның ішінде 335 гектар егістік, 55 гектар жайылым жерлер 11 тамыз күні конкурсқа шығарылатын болады.

 

Мемлекеттік жер қорына қайтарылған жер телімдері:                 

2022 жылғы 6-айдың қорытындысымен жалпы ауданы 558 гектар, оның ішінде егістік 354 гектар, жайылым 204 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

 

Білім саласы бойынша:

         Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша: Ұлттық бірыңғай тестілеуге аудан бойынша 872  мектеп бітірушінің 533-ы (61,1%) қатысты (өткен жылы 67%). Аудан бойынша орташа балл 89 балл болып, өткен жылмен салыстырғанда 25,8 баллға жоғары болды.

 

Күрделі жөндеу жұмыстары:

         2022 жылға 1 («Балауса») бөбекжай бақша және 1 (№5 ЖББМГ) жалпы орта білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымды жөндеу жұмыстары:

Меркі ауданының білім бөліміне қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебіне 12 сәуір күні қатты дауыл соғып, мектеп шатыры және сыртқы келбеті зақымдануына байланысты, мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сметалық құны – 26513,44 мың теңге.

 

Мектеп қазандықтарын газдандыру бойынша:

№6, №13, №34 жалпы орта білім беретін мектептердің жылыту қазандықтарын газға ауыстыру мақсатында жоба алды жұмыстары жүргізілуде (топографиялық түсірілім, геология, сейсмоқорытынды).

№16, №11 ЖББМ-нің жылу қазандығын газдандыру мақсатында ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

 

 «Мейірімділік» жобасы аясында қамқоршылықтағы 60 балаға тұрғын үй алуға бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері бекітіліп, бүгінгі күнге 1 млн. 146 мың теңге есеп шоттарына аударылды. Бұл жұмыстар бақылауға алынған.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

         «Медициналық техниканы басқару» жүйесі бойынша ауданымыздың денсаулық сақтау саласы 91,1% жабдықталған. «Медициналық техниканы басқару» жүйесінде  458 медициналық техника бар.

2022 жылжың 6 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 2,1-ді құрап, (2021 жылы –2,4,) , 14,3 % төмендеп отыр.

2022 ж 6 ай  қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесінен аурушаңдық 8,7% өскен, көрсеткіш 604,1 құрады (100 мың адамға шаққанда) (514 науқас), 2021 жылдың көрсеткіш 555,9 болған (473 науқас ).

2022ж 6 ай қорытындысы бойынша туберкулез ауыршандығы 17,6 (15 науқас) құрап, 2021 жылдың 6 айымен салыстырғанда 67,0% төмендеген көрсеткіш 29,4 (25 науқас).

Қант диабет аурушаңдылық көрсеткіші   2022 жылдың 6 айында -57 адам  көрсеткіш 67,0 құрады, 2021 жылдың 6 айында –65 адам  көрсеткіш 76,4 құрап, 14,0%  төмендеді.

Қатерлі ісік ауыршандығы 32,5% төмендегені байқалады, 2022 жылдың 6 айында көрсеткіш - 47,0 (41 науқас) құрады, ал 2021 жылдың 6 айында 62,3 (53 науқас).

 

Мәдениет саласы:

Аудандық орталық кітапханасының ғимаратын газдандыру бойынша 25055,88 мың теңге бөлініп, жөндеуден өтті

Беларық, Ақ жол, Тәтті, Аспара, Ақермен, Кеңес ауылдық клубтарының қазандықтарын газдандыру үшін тиісті қаражат бөлініп, аталған жұмыстар ағымдағы жылы толығымен аяқталатын болады.

 

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында:

Меркі ауданы Ойтал ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы бойынша мердігер мекеме "ТаразҚұрылысИнвест" ЖШС-мен 168 242 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 06.06.2022 жылы басталып, 06.03.2023 жылы аяқталады.

Жаңатоған а/о Мыңқазан ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалпы сметалық құны  191 054 млн теңге. 2022 жылға                       10 380 млн қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылуда.

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 9 нысанның құрылысына қаржы бөлінді. (Меркі ауданына Турлыбай батыр ауылында 7 га тұрғын алқаптарының инженерлік инфрақұрылымының құрылысын (су жүйесі) бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы сот шешіміне сәйкес жарамсыз болып табылуына байланысты қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр, Мыңқазан ауылында 14 га тұрғын алабының инженерлік инфрақұрылымын салу (сумен жабдықтау) бойынша мердігер мекеме "Таразпромстрой" ЖШС-мен 100 623 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 04.05.2022 жылы басталып, 04.08.2022 жылы аяқталады, Аққайнар ауылында 45 га тұрғын алқаптарының инженерлік инфрақұрылымының (су жүйесінің) бойынша мердігер мекеме "Пырақ құрылыс" ЖШС-мен 135 705 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 25.04.2022 жылы басталып, 25.07.2022 жылы аяқталады, Меркі ауылындағы 77 га жəне 32 га тұрғын алабының инженерлік инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау) бойынша мердігер мекеме "Пырақ құрылыс" ЖШС-мен 245 858 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 04.05.2022 жылы басталып, 04.09.2022 жылы аяқталады, Тұрлыбай батыр ауылындағы 7 гектар тұрғын алабының инженерлік инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау) бойынша мердігер мекеме "Алира сервис компани"  ЖШС-мен 18 088 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 16.05.2022 жылы басталып, 16.07.2022 жылы аяқталады, Т.Рысқұлов тұрғын алабының 24 га инженерлік инфрақұрылымын салу (электрмен жабдықтау) бойынша мердігер мекеме "Пырақ-Құрылыс"ЖШС-мен    133 676 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 04.05.2022 жылы басталып, 23.07.2022 жылы аяқталады, Мыңқазан ауылындағы тұрғын алабының 14 га инженерлік инфрақұрылымын салу (электрмен жабдықтау) бойынша мердігер мекеме "Таразпромстрой" ЖШС-мен 189 199 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары  04.05.2022 жылы басталып, 04.09.2022 жылы аяқталады, Т.Рысқұлов ауылындағы 24 га тұрғын алабының инженерлік инфрақұрылымын салу (сумен жабдықтау) бойынша мердігер мекеме "Тараз-Даниял и К» ЖШС-мен 45 311 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 26.04.2022 жылы басталып, 25.06.2022 жылы нысан қабылданып алынды, Меркі ауданы Сұрат  ауылында 30 га  тұрғын алқабында инженерлік инфрақұрылым құрылысын салу (су) құрылысы жалпы сметалық құны 233 116 млн теңге. 2022 жылға 22 412 млн қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылды. Мердігер мекеме «Интелект Азия» ЖШС-гі).

Құрылыс саласы бойыша

Құрылыс көлемі 2022 жылдың 6 айының қорытындысымен 2 607,3 млн.теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен (3988,4 млн.теңге.) салыстырғанда 63,9 % құрады. (Құрылыс жұмыстарының орындалмау себебі: 2021 жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 381,0 млн. теңгеге азайған, негізгі себептері 2022 жылы ауданда үлкен құрылыс жұмыстарының жоқ болуы және Меркі-Шу-Бұрылбайтал тас жолының мердігер мекемесі «СиньСин» Қытай компаниясының 2022 жылдың қантар-маусым айларында жұмыс атқармауына байланысты болды.)

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2022 жылдың 6 ай қорытындысымен 21 729 шаршы метрді құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен (20 893 шаршы метр) салыстырғанда 117,0 % құрады.

 

Инфрақұрылым ЖСҚ-сы бойынша:

Меркі ауылы 77 га, Мерк ауылы 32 га, Тескентоған ауылы 37,9 га, Аққайнар ауылы 45 га тұрғын үй алабына 35/10 кВ екі төмен қосалқы станцияларын орнатумен 2 тізбекті 35 кВ әуе желілерін салуға  1 965 288,3 теңгеге, Меркі ауылындағы 77 га және 32 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) құрылысына 588 759,0 теңгеге жобалық сметалық құжаттар Жамбыл облысы құрылыс басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

8 тұрғын алқабының қиыршықтас жолдарының сараптама қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылды. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жүргізілетін болады.

Жобалық сметалық құжаттар:

Сарымолдаев ауылындағы 180 орындық клуб жобасы және Жамбыл ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Андас батыр ауылындағы 200 орындық клуб жобасы сараптамадан өтуде.

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2022 жылы «Асар» арқылы жағдайы төмен отбасыларына жалпы 7 үй беру және 3 асхана соғу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта Ойтал ауылдық округінде және Андас батыр ауылдық округінде 2 тұрғын үй иелеріне табысталды.

Құрылыс көлемі 2022 жылдың 6 айының қорытындысымен 2 607,3 млн.теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен (3988,4 млн.теңге.) салыстырғанда 63,9 % құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2022 жылдың 6 ай қорытындысымен 21 729 шаршы метрді құрап, (2021 жылдың осы кезеңімен 20 893 шаршы метр) салыстырғанда 117,0 % құрады.

Газдандыру бойынша:

Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Оның 39-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген яғни 86,7 пайызын құрайды, ал  6 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген ол 13,3 пайызын құрайды (Ақкөз-Қайнар, Жауғаш батыр, Мыханды, Қарасу, Тасөткел, Шемен). Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету саласы бойынша аудан облыс деңгейінде алдыңғы қатарда тұр. Бүгінгі таңға, Беларық, Қарасу және Ақкөз Қайнар ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынды. Қазіргі таңда аталған жобаларға қаражат қарастырылып бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Ауыз су бойынша:

Ауданда 45 елді мекеннің 40-і орталықтандырылған ауыз сумен, ал 5 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған немесе 88,8% (2021 жылы 88,8% 2020 жылы 84,4%, 2019 жылы 71,1%). Жыл сонымен орталықтандырылған 41 елді мекен яғни Арал қыстақ ауылында орналасқан ауыз су жүйесін 46 600,0 мыңға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы ауданның ауыз сумен қамтылу үлесі 91,1% болады деп күтілуде. Аталаған жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. Осы бағытта орталықтандырылмаған Кеңес ауылын ауыз сумен қамту үшін аудандық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, қазіргі таңда сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Андас батыр ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Келісім шартқа сәйкес 851 055,0 мың теңге. Құрылыс ұзақтығы 10 ай.      

Осы бағытта ағымдағы жылы тозығы жеткен Ақтоған және Меркі ауылдарының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында сметалық құжаттама әзірленуде.

 

Жарықтандыру бойынша:

Ауданда 45 елді мекеннің барлығы электр көздерімен жабдықталған.

Тек Кеңес ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр ауылы электр қуатын көрші Қырғыстан Республикасынан алып отыр. Аталған елді мекенді электр қуатымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 17 456,0 мың теңге қаражат қарастырылды.  Бүгінгі күнге, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан  мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, нәтижесі бойынша жобалаушы мекеме болып 15134,922 мың теңгеге  «Корпорация «Асыл-Строй» ЖШС анықталды.  Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамалық қорытындысы алынды. ЖСҚ құны – 1160396,4 мың теңге.

          Жол саласы бойынша:

2022 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, 10 жоба ұзындығы 25,3 шақырым, құны 399,0 млн. теңгеге салалық басқармадан

қолдау тапты.  Сатып алу конкурс амалдары аясында мердігер мекемелері анықталып, келісім-шартқа отыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудандық мәндегі автомобиль жолдарын ағымды жөндеуден өткізуге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда "Тараз-ДорСтройПроект" ЖШС мекемесі мердігер болып анықталды. Келісім шарт соммасы - 19 040,0 мың теңге

 

Абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша:

Аудан аумағында 2259 тал тарақ отырғызылды. 9 мәрте бүкіл аудандық  сенбілік ұйымдастырылды. Көктемгі екі айлық аясында ауылдық округтерге абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына –           6 342,0 мың теңге, санитарлық тазалау жұмыстарына – 4 775,0 мың теңге қаражат қарастырылды.

         Спорт саласы:

2022 жылдың І жартыжылдығында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың             37 % құрайды, бұл 31670 адам.

        2022 жылдың ІІ-тоқсанында аудан бойынша барлығы 71 бұқаралақ-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 6390 адам қамтылған.

        2023 жылы Сарымолдаев ауылында дене-шынықтыру сауықтыру  спорт кешенін салу жоспарлануда. ЖСҚ әзірленген құны 408 млн 526 мың теңге.

        «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:

        «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2022 жылға көтерме жәрдемақы алу үшін 40 маманға 12 млн. 252 мың теңге, тұрғын үй сатып алуға 36 маманға 165 млн. 402 мың теңге қаражат бөлінген.

        2022 жылдың 6 айында көтерме жәрдемақы алу үшін 31 маман, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін 20 маман кезекке қойылды. Бүгінгі күнге 31 маманға 9 млн. 600 мың теңге көлемінде  көтерме жәрдемақы, 15 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 68 млн 918 мың теңге  төленіп берілді.

        Халықты жұмыспен қамту орталығы: 

        2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жоба бағдарламасы  аясында жұмыстар атқаруда. 2022 жылы аталған бағдарламаға жалпы 397688,0 млн.теңге бөлінсе, оның ішінде Республикалық бюджеттен 85810,0 млн.теңге, обл.бюджеттен 23893,0 млн.теңге, аудандық жергілікті бюджеттен 287985,0 млн.теңге бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстық басқарма тарапынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға берілген жоспар 4020 адам. Бос жұмыс орындары бойынша берілген жоспар 2461 болса, алты айда 1581 адам тұрақты жұмысқа орналасып 64,2 % құрап отыр (обл.көрсеткіш 56,2%). Оның ішінде әйелдер-706, 29 жасқа дейінгі жастар-546.

        Аудан бойынша жұмыссыздар ретінде ресми тіркеуде тұрғандар саны 1139, оның ішінде әйелдер-596, 29 жасқа дейінгі жастар-308.

         Осы жылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіби оқуға 170 адам жоспарланып, оның 130-на  23,9 млн.теңге бөлініп отыр. Ал, қалған 40 адамға тиісті қаражат бөлінген жағдайда жұмыс берушілер «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС және «Мералко» ЖШС  кәсіптік оқытуды ұйымдастыратын болады.

        130 адамды ЖК «Калысбаев», «Айсұлу» ЖШС, ЖК «Оқу орталығы», «Отан» ЖШС оқу орындарында 11 мамандықтар (шаштараз, маникюр, киім пішуші, кондитер, 1с бухгалтерия, программист, газбен дәнекерлеуші, автожүргізуші В1, С1, машина ісінің шебері, массажист, темір өңдеуші (токарь) бойынша оқыту осы жылдың шілде-тамыз айларына жоспарланып отыр. Аталған оқыту орындары (шілде, тамыз, қыркүйек айлары) оқу мерзімдері аяқталғанннан кейін бітірушілерді мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге келісім беріп отыр.

        Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 жылы шағын несие бойынша  108 азаматқа 468,2 млн.теңге беріліп, қазіргі таңда олар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жүргізіп отыр.  Реинвес (2017-2019 жылдарда қалған қаражат) 7 адамға 28,0 млн.теңге несие берілді.  Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 36 адам.2022 жылға қайтарымсыз грантқа 253 адамға 309,9 млн.теңге жоспарланып, сәуір айында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидаларына сәйкес 12 адамға 14,7 млн.теңге берілді. Қалған 241 адамға 295,2 млн.теңге аталған қағидаларға қайта өзгеріс енгізілуіне байланысты толық дайын болған кезде берілетін болады.

        Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орнына берілген жоспар 95 болса, аудандағы 21 мекемемен келісім-шарт арқылы алты айда 99 адам жолдамамен жолданды. Оның ішінен 2-адам тұрақты жұмысқа орналасса, 7 адам отбасылық жағдайларына байланысты өз еріктеріменжұмыстан шықты.

 

        Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша:

2022 жылға  АӘК-ке  жоспар бойынша 1116 отбасы 6691 адамға республикалық бюджеттен 345,628 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 80,0 млн. теңге (2021 жылға РБ-327,200 млн.) қаражат қарастырылды.                                                                                                                                  2022 жылдың 1 шілдесіне АӘК жәрдемақысына 847 өтініш иелерінің құжаттары қабылданды. Оның ішінде 231 отбасының (1271 адам) табысы асып, жыл басынан 616 отбасы/3381 адам (шартты- 527 отбасы/2998 адамға 102,499 млн. теңге, шартсыз-89 отбасы/383 адамға 21,727 млн. теңге), (2021 жылы 1262 отбасындағы 6739 адам) 124,227 млн. теңге (ІІ тоқсандағы нақты АӘК алушылар саны  - 446 отбасы/2447 адам)  тағайындалып, толығымен төленді.

        Сонымен қатар, 2022 жылы АӘК алатын отбасылардың жоспар бойынша 1-6 жасқа дейінгі 1503 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 91,732 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 16,5 млн. теңге (2021 жылға 69,780 млн. теңге) қаражат қарастырылды. Маусым айына 1290 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама (1-3 жасқа дейін 641 бала, 3-6 жасқа дейін 649 бала) және 1290 балаға тоқсанына бір рет берілетін  тұрмыстық химия заттары (гигиена) тағайындалды.

 

        Аудан көлемінде жалпы мүгедектер саны 2495 (2021 жылы – 2586) адамды құрады, оның ішінде: 1 топ - 185 адам (2021 жылы – 194),  2 топ -1068 адам (2021 жылы – 1099),  3 топ - 852 адам (2021 жылы – 944),  16 жасқа толмаған мүгедек балалар саны – 390 адам (2021 жылы – 349). 

        2022 жылы үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төлеу үшін 4,687 млн теңге бөлініп, есепті мерзімге 55 өтініш қабылданып (2021ж-48 өтініш)  1,721 млн.теңге (2021 ж-2,456 млн) есеп шоттарына аударылып берілді.

        Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 173 өтініш қабылданып, әлеуметтік қызметтер порталынан таңдау жасалды және 197 адам (2021 жылы  235 азаматқа 38,0 млн.теңге бөлініп), қажетті көмекші құралдармен қамтамасыз етілді.

        Жергілікі өкілді органның шешімі бойынша 2022 жылы 425 азаматқа  (2021 жылы 595 азаматқа; ауған соғысы, ҰОС соғысы ардагерлерімен қатысушыларына, жесіріне, тыл еңбеккерлеріне, Чернобыль, Семей полигоны зардаптарын жоюға қатысқандар 49,7 млн.теңге) 67,500 млн. тенге төленіп берілді.

 

       Біздің бүгінгі жетістігіміз – мызғымас бірлігіміздің, заманның талабына орай тез бейімделіп, талмай еңбек еткен азаматтардың, әрбір отбасының мүддесі үшін бекітілген бағдарламалардың жоғары деңгейде орындалуының жемісі.

        Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы  Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» –құру тұжырымдамасына сәйкес, аудан халқының сұранысынан туындап жүрген өзекті мәселелерді шешуде жүйелі жұмыстар жүргізетін боламыз.

Дата публикации
19 января 2023
Дата обновления
19 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы