Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексітің 90-бабына сәйкес жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бойынша аудан әкімінің жеке қабылдауында әр-түрлі сұрақтармен 128 азамат қабылданды. Жалпы саны 189 өтінішпен қайырылған. Қабылдау барысында 72 өтініш – заң талаптарына сәйкес түсіндірілді, 117 тапсырма – бақылауға алынды оның ішінде 107 тапсырма – орындалды, 10 тапсырма тұрақты бақылауда.
2022 жылдың 12 айында аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысында 591 азамат жеке қабылдауда болды. Жалпы саны 289 өтінішпен қайырылған. Қабылдау барысында 187 өтініш – заң талаптарына сәйкес түсіндірілді, 102 тапсырма – бақылауға алынып орындалды.
Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер баспана мәселесі бойынша, қайтарымсыз грант алу туралы, марапат туралы, жұмыс мәселесі, әлеуметтік көмек бойынша, жер мәселесі, білім саласы туралы, жол туралы, түңгі жарықтандыру бойынша қайырылғын. Олардың барлығына да қолданыстағы заңдар аясында жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Меркі ауданы әкімдігіне 2022 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан 2239 жолданым түскен. Оның ішінде арыздардың саны – 2076, шағымдары – 14, басқа да өтініштері – 149.
Қаралған жолданымдардың жалпы саны – 2151. Оның, қанағаттандырылғаны - 1731, түсінік берілгені - 344, қараудан тоқтатылғаны – 12 (алдыңғы өтінішін қараусыз қалдыру туралы жазған өтініші негізінде), назарға алынғаны – 21, басқа мекемелерге өз құзыреті шегінде қарастыру үшін жолданды – 29. Бақылауда - 14 жолданым.
Аудан тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер қатарына - халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, жол мәселесі, жарықтандыру және тұрғын үй алу туралы - 48%, жер мәселесі – 35% материалдық көмек көрсету – 10% және де баска мәселелер бойынша 7 % құрайды.
2022 жылдың І тоқсанында бірыңғай диспетчерлік «Jambyl 109» қызметіне 8 өтініш түскен, ІІ тоқсанында 14 өтініш түскен, ІІІ тоқсанында 9 өтініш түскен, IV тоқсан бойынша 4 өтініш түскен, барлығы 35 өтініш «Aikey» қосымшасы арқылы түскен. 34 өтініш өңделіп толық жауабы берілген, 1 өтініш орындалу үстінде (жол мәселесі, тұрғын үй мәселесі, ауыз су туралы, жұмыс мәселесі бойынша).
Меркі ауданы әкімдігінің ресми сайтында онлайн қабылдау бөлімінің сұрақ-жауап сервисіне 2022 жылы 3 жолданым ( қызмет көрсету, ауыз су мәселесі, тұрғын үй салуға жер сұрайды) түскен. Барлығына уақытылы толық жауабы берілген.