ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
⠀
Әрбір жылды шығарып саларда, сол жылдағы жаңалықтарды, табыстар мен жетістіктерді саралаймыз.
⠀
Халқымыздың ауызбіршілігінің арқасында, өткен жылдағы қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды ел болып еңсердік.
Өткеннен қорытынды шығарып, алдағы уақытқа жоспарлар құрып, мақсатымызды айқындаймыз.
Жаңа жыл – санаға серпін беріп, қиындық сезінген сәттерімізді ұмыттырып, жарқын болашаққа бастайтын жақсылықтың жаршысы іспетті.
Бұл күні өкпе-ренішті, қиындық пен сәтсіздікді өткен жылдың еншісіне қалдырып, жаңа жылға үлкен сеніммен, мейірімге толы махаббатпен, нұрлы сезіммен қадам басуымыз керек.
⠀
Жаңа жылдың өзіне ғана тән бар қадір-қасиеті осында деп білемін.
Қадірменді меркіліктер!
Осы жылы ауданымыздың даму көрсеткіштері барлық салада оң нәтиже көрсетті. Ауданымызда бірқатар әлеуметтік нысандар жаңадан ашылып, күрделі жөнеуден өтіп пайдалауға берілсе, кәсіпкерлік бағытта да бірқатар нысандар ел игілігіне қызмет етіп бастады. Бұл аудан тұрғындарының берекелі тірлігінің, адал еңбегінің нәтижесі деп білемін.
Ендеше, жаңа жылдағы біздің басты мақсатымыз – барлық салада экономикалық оң көрсеткіштерді қалыптастыра отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мен тұрмысын түзеу болып қала береді.
Жаңа жылда да талай игі істер мен жаңа бастамалардың куәсі болатынымызға сенімдімін.
⠀
Жаңа жылда отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
⠀
Жаңа жыл жаңалықтарымен, қуанышқа толы сәттерімен келсін. Аңсаған армандарыңыздың жаңа жылда орындалуына тілектеспін.
⠀
Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Жорабек БАУБЕКОВ