Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы Акермен, Аспара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Меркі ауданы Акермен, Аспара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

 Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

2022 жылғы 16 желтоқсанда  Меркі аудандық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті, онда  "2023 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған  Меркі ауданы Акермен, Аспара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" Шешім қабылданды.

2021 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен түзетулерге қол қойды. Мұндағы өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

 Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Абылкасымов Шорман Туреханович Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады.

Комиссия төрағасы кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні, яғни 2022 жылғы 17 желтоқсанда  басталып, сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда, яғни 2022 жылғы  30 желтоқсанда   жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталатынын хабарлады.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни                 2023 жылғы 4 қаңтарда  сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.

Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2022
Дата обновления
21 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы