Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2023 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Меркі ауданы Акермен, Аспара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлайды.
Шекаралары Акермен ауылы, Ақкөз-Қайнар ауылы, Алтынарық ауылы, Кентай ауылы.
Шекаралары Аспара ауылы, Қайыңдысай ауылы, Құмарық ауылы.
Меркі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Исмаилов көшесі №169, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.