2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша Меркі аудандық сайлау комиссиясының қорытынды отырысы.
2022 жылғы 05 желтоқсанда Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш. Абылкасымовтың төрағалығымен 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша қорытынды отырысы өтті.
Жиынды ашқан Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шорман Төреханұлы ҚР Президентінің сайлауы аудан аумағында өте жоғары деңгейде өткеніне назар аударды. Барлық сайлау учаскелерінде заң талаптары қатаң сақталғанын атап өтіп, саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен №279 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы В. Киргизбаева, №289 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ж. Нарымбаева, №275 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Л. Мырсадыкова, №287 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Т. Болысбаева марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізу барысында белсенділік танытқан бірнеше азамат Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.