Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізген көшпелі семинар-тренингтің БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізген көшпелі семинар-тренингтің 

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

         Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының бекітілген оқыту туралы жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-тренинг  өткізілді.

         Аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері түгел тест тапсырып сертификат алды.

         «Сайлау процесін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру»,  «Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы», «Азаматтарға тиісті сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлаушылар тізімімен таныстыру жұмыстарындағы ерекшеліктер», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пунктерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу  мүмкіндігі жоқ  осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру», «Сайлаудың  өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы», «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы» және сайлау күні  сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы тақырыптарда облыстық сайлау комиссиясы мүшелері лекция оқып, семинар-тренинг өткізді.

         Учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен тренингте теориялық дәрістермен бірге іскерлік ойындар өткізілді.

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2022
Дата обновления
10 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы