2026 жылғы 12 сәуірде өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақтоған ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2240 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1383 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Ақтоған ауылдық округінің әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абдіразақ Данияр Ақылбекұлы үшін сайлаушылардың 1136 дауысы берілді
Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді
Боранбаев Канат Шакибаевич үшін сайлаушылардың 149 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2.
Сайлау қорытындысымен: Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып Данияр Ақылбекұлы Абдіразақ сайланды. 1993 жылы туылған, Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы