Меркі ауданы бойынша Референдум учаскелерінің мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімділігі зерделенді.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 23.02.2026ж, "Еңбек мобильдігі орталығы" КММ Меркі ауданы бойынша мансаптық орталық филиалы 04.03.2026 және Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясы 06.03.2026ж референдум учаскелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында дауыс беруге арналған үй-жайлар орналасқан ғимараттардың кіреберістерінде пандустардың бар екені анықталды, сондай-ақ дауыс беру бөлмелері азаматтар үшін барынша қолжетімді болуы үшін бірінші қабаттарға орналастырылған.
Сонымен қатар дауыс беру орындарында:
Тактильді көрсеткіштер;
Пандустар, қоңырауы, тұтқасы;
тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, соның ішінде кресло-арбамен жүретін сайлаушыларға арналған қолжетімді жасырын дауыс беру кабиналары;
Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған орындар (мониторлы компьютер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және ұлғайтқыш құралдар) қарастырылған.
Жалпы, аудан бойынша барлық 41 референдум учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген.