Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Меркі аудандық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 06 наурызында Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысқа «Асан Көмек» мүмкіндігі шектеулі мүгедектердің мемлекеттік емес қоғамдық бірлестігінің аудармашысы М.Мустафаева, "Қоғамдық Тараз" корпоративтік қорының директоры П.Ақпаева және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты.

Жұмыс тобының отырысында 2026 жылдың 15 наурызына тағайындалған республикалық референдумда мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруге арналған үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайлар жасауы, референдум учаскелеріне тасымалдау бойынша инватакси қызметтерін ұйымдастыру қажет;

Көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс кезінде сурдоаудармашылардың, тірек қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған сайлаушылармен қарым-қатынас кезінде оған бюллетеньдер берілетін үстел жанынан кресло – арба үшін орын босату, жасырын дауыс беруге арналған кабинаға дейін жеткізіп салуды ұсыну, дауыс беруге арналған үй-жайдан шығатын, автокөлікке отыратын кезде жәрдем көрсету қажеттігі атап айтылды.

Дата публикации
10 марта 2026