Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Меркі  ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 12 сәуірге  Меркі  ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 12 сәуірге  тағайындалған Меркі  ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі              іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                 Ш. Абылкасымов

 

 

Хатшы                                                                 О. Тойбаев

 

 

 

 

Меркі ауылы

04 наурыз 2026 жыл

№5

Дата публикации
04 марта 2026