2026 жылғы 8 ақпанда өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 8 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарымолдаев ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 8523 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 5406 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Сарымолдаев ауылдық округінің әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 459 дауысы берілді,
Жуматаев Улан Муратович үшін сайлаушылардың 4386 дауысы берілді
Узбекбаев Нурсултан Серикович үшін сайлаушылардың 529 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15.
Сайлау қорытындыларымен: Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі болып Улан Муратович Жуматаев сайланды. 1978 жылы туылған, Меркі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы