Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2025 жылдың IV тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің
талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
2025 жылдың IV тоқсанында аудан әкімінің өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ішкі бақылау жұмысы жүргізілді.
2025 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 211 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері
дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.
2025 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2025 жылдың IV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзу фактілері орын алды.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан 79 іс-шаралар (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) өткізілді.
2025 жылдың IV тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында 18 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 177 пост жарияланды.
2025 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 16 қызметкер өтті.