2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс нәтижелері

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

бойынша атқарылған жұмыстар

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО)                  52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қосқанда 96) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • Электрондық түрде –42 қызмет(43,8%);
  • Қағаз түрінде – 3 қызмет (3,1%);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 51 қызмет (53,1%).

2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен  қағаз түрінде 416 мемлекеттік қызметтер электронды түрде 2916 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 3987 қызмет;
  • қағаз түрінде - 825 қызмет;

 

Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Сондай-ақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша мерзім бұзу фактісі орын алған жоқ. 

 

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша

 

ЖАО ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 4 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 4 жергілікті атқарушы орган қамтылып, олар аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (әрі қарай - департамент) тарапынан «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы  ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына сыртқы мониторинг жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде мониторинг барысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзудың 162 анықталып, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөліміің жауапты маманына ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

 

ЭЦҚ-ны пайдалану барысында орын алған бұзушылықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан бірінші басшыларының іс-сапарда, кезекті еңбек демалысында, біліктілігін арттыру бойынша оқу демалысында, еңбеккке жарамсыздық парағында болу кезеңінде ЭЦҚ-лары пайдаланылғаны бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Атлаған фактілер бойынша аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімінің аппараты қызмет заңбұзушылықтарға  жол беріп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дегенменде, күнделікті мемлекеттік орган басшылары мен жауапты мамандарға түсіндірме жұмыстарып жүргізілуде, ескертілуде.

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары

Меркі аудан әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін 14 ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында және 3 ауылда кітапхана ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.

 

Аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы

 

2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 16 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.

Есепті мерзімде ЖАО 52341 адамды қамтыған
395іс-шаралар өткізді.

 

Қоғамдық кеңес отырыстары

Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша 4 қоғамдық кеңес отырысы (Ақермен ауылдық округі әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты және Меркі ауданы әкімінің апппараты мемлекеттік мекемесінің бірінші басшылары аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері алдында есеп беріп, хаттамалық тапсырмасына сәйкес тиісті ұсынымдар ауылдық округ әкімдері тарапынан және бөлім тарапынан уақытылы орындалып жауабы берілді.

Дата публикации
28 января 2026