2025 жылғы 16 қарашада өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 16 қарашада өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл  ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 16 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданы                Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жамбыл ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне  6700 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4211 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 35 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 341 дауысы берілді,

Досеке Тұрар Тұрсыналыұлы  үшін сайлаушылардың 3403 дауысы берілді

Таттыбеков  Ақәділ Наурызбайұлы  үшін сайлаушылардың 427 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.

Сайлау қорытындыларымен: Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып  Тұрар Тұрсыналыұлы  Досеке сайланды. 1989 жылы туылған, Меркі ауданы мәслихат аппаратының басшысы,  Жамбыл облысы Меркі  ауданы Жеміс жидек ауылының тұрғыны.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
17 ноября 2025