Меркі ауданы Жамбыл ауылы аумағында сайлау учаскелерінің шекаралары

 

МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

       Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 8 қазандағы №11 қаулысымен 2025 жылғы 16 қарашаға тағайындалған Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 5 тармағына сәйкес Меркі ауданы әкімдігі Жамбыл ауылдық округіндегі сайлау учаскелерiнің шекаралары туралы хабарлайды:

 

      № 270 сайлау учаскесi (Жамбыл ауылы, Ысмайлов к-сі №1А, «Ертөстік» бөбекжай бақшасының ғимараты)

      Шекаралары: Жамбыл ауылының Әзімбек Ысмайылов көшесінің 1-184 үйлері, Мәмбет Смағұлов, Қасымжан Исағұлов, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы, Тұрлыбай Батыр, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Тоқтаған Абаев, Самұрық көшелері.

       № 271 сайлау учаскесi (Жамбыл ауылы, Ысмайлов к-сі №146, А. Қосанұлы  атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп                      ғимараты)

       Шекаралары: Жамбыл ауылының Оспан Үмбетов, Өмірбек Қабылов, Омаржан Исмаилов, Тоқтар Әубәкіров, Жауғаш Батыр, Жауғаш Батыр бұрылысы, Ыбырай Алтынсарин, Бауыржан Момышұлы, Жора Омаров көшелері.

       № 272 сайлау учаскесi (Тұрлыбай батыр ауылы, Асимов к-сі №44, №34 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

      Шекаралары: Тұрлыбай батыр ауылының Ысқақ Әсимов, Көлтоған, Сәбит Мұқанов көшелері.

       № 273 сайлау учаскесi (Жеміс жидек ауылы, М.Құттыбекұлы к-сі №7, №44 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

       Шекаралары: Жамбыл ауылының Мәншүк Мәметова, Мырзабай Құттыбекұлы, Керімбай Мәнкеев, Шапағат, Есенин, Мұхтар Әуезов, Темирязев, Юрий Гагарин, Молдазым Қырғызбаев, Астана, Қарақат, Достық, Таугүлі, Молдазым Мәдімаров, Жұмабек Айтымбетов, Наурыз, Абай, Сара Рахманқұлова, Мичурин көшелері.

       № 274 сайлау учаскесi (Талдыбұлақ ауылы, Жамбыл к-сі №5, №35 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

      Шекаралары: Талдыбұлақ ауылының Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Аққайнар, Ынтымақ көшелері.

      

 

Дата публикации
22 октября 2025