Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылдың 16 қарашасына тағайындалған Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлайды.
Шекаралары: Жамбыл ауылы, Тұрлыбай батыр ауылы, Жеміс жидек ауылы, Талдыбұлақ ауылы.
Меркі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Ә. Ысмаилов көшесі №167, «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты.