Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелері

                             Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Меркі ауданы әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Меркі ауданының аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. «Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Меркі ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 03 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4019 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2019 жылдың 18 қаңтарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Медетбековке жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі

 

М. Өмірбек

 

 

 

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жамбыл облыстық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      С.Айдапкелов

      «27» тамыз 2019 жыл   

 

Меркі ауданы әкімінің

         2019 жылдың «13» қыркүйектегі

      №03 шешіміне қосымша

 

Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелері

 

       № 287 сайлау учаскесi (Т.Рысқұлов ауылы, Т.Көбейұлы к-сі №35, Рысқұлов ауылдық клуб ғимараты)

      Шекарасы: Тілеуберді  Көбейұлы, Шоқан Уалиханов, Тұрар Рысқұлов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Досмайыл Сырғабайұлы, Кашке батыр, Рысбек Жұрын көшелерi.

      № 290 сайлау учаскесi (Сыпатай ауылы, Орталық  к-сі №16Г, № 16 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

      Шекарасы: Сыпатай ауылының Тәуелсіздік, Жиделі, Байтерек, Орталық көшелерi.

№ 292 сайлау учаскесi (Сұрат ауылы, Қалдыбай к-сі №56, №19 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

      Шекарасы: Сұрат ауылының Қалдыбай Шөкеұлы, Жандәулет Манасбаев, Мәншүк Мәметова, Омаралы Байдәулетов, Жамбыл, Сұлтанбек Дадабайұлы, Әлия Молдағұлов, Ғани Мұратбаев, Абай, Мұхтар Әуезов, Әбдіманап Сейітұлы,  Қоржынбай Серікбаев көшелерi, МТФ, Қарағау, Сарғау, Жетітөбе, Ойбаз, Орта құм бөлімшелері.

      № 294 сайлау учаскесi (Қызылсай ауылы, Рысқұлбеков к-сі №30, №38 бастауыш мектеп ғимараты)

      Шекарасы: Қызыл сай ауылының Зейнекүл Мұстафаева, Беделбай Рысқұлбеков көшелерi.

       № 295 сайлау учаскесi (Мыңқазан ауылы, С.Әкімбеков көшесі №30

№30 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

      Шекарасы: Мыңқазан ауылының Сейдіман Әкімбеков, Садуақас Жамансартов, Ынтымақ, ЖД Казарма көшелерi.

       № 301 сайлау учаскесi (Аспара ауылы, Шұғыла к-сі 39, №2 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты)

      Шекаралары: Аспара ауылының Аманкелді Балапанов, Сейітжапар Ақылбеков, Қазына, Тұран, Аспара, Парасат, Бірлік, Шұғыла, Аққайнар, Рахыш Нүсіпбеков, Сәдуақас Рысбаев көшелері.

       № 477 сайлау учаскесi (Меркі ауылы, Артықбаев көшесі №3, КАЗАвтожол мекемесінің ғимараты)

      Шекарасы: Меркі ауылының Қабылбек Сарымолдаев көшесінің 150-274, 149-169 үйлері, Панфилов бұрылысы, Панфилов, Сабыр Амурханов, Әлімбек Бекжанов, Әлімбек Бекжанов бұрылысы, Әбікен Мухамеджанов, Жұмабек Дандыбаев, Бейсенбай Артықбаев, Аркадий Гайдар, Қажымұқан, Қажымұқан бұрылысы, Қажымұқан 1 бұрылысы,  Қажымұқан 2 бұрылысы,   Асылбек Асанұлы, Сәкен Сейфуллин, Сәкен Сейфуллин бұрылысы, Жаңғазы Қожаханов, Жаңғазы Қожаханов бұрылысы, Алатау, Шаңырақ, Самал көшелері.

      

 

 

 

Дата публикации
09 сентября 2025