«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабы 6 тармағына, 22 бабына және №7 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 1 тармағына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлері туралы хабарлайды.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Исмаилов көшесі №167 үй, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» МКҚК ғимараты.
№7 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Сарымолдаев көшесі №164, “QazaqGaz Aimaq” АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Меркі аудандық газ шаруашылығының ғимараты.
Шекаралары: Аспара, Меркі ауылдары. Құрамына №301, №477 сайлау учаскелері кіреді.
№13 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері Сұрат ауылы, Ш.Қалдыбай көшесі №57, "Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі" МКҚК Сұрат ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Т.Рысқұлов, Сыпатай, Сұрат, Қызылсай, Мыңқазан ауылдары. Құрамына №287, №290, №292, №294, №295 сайлау учаскелері кіреді