Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
№1 ХАТТАМАСЫ
Жамбыл ауылы 30.06.2025 жыл.
Жиналыс төрағасы: Е. Байболсынов-
Жамбыл ауылдық округінің әкімі
Жиналыс хатшысы: Б. Абдураимов-
Жамбыл ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маман-қаржы агенті
Жиналысқа қатысқандар:
жергілікті қоғамдастық мүшелері - 12 адам
Күн тәртібінде:
Тұрлыбай батыр ауылындағы жаңа көшеге Меркімбек Үркіншиев көшесі деп атау беру туралы
Тыңдалды: Е. Байболсынов – Жамбыл ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Тұрлыбай батыр ауылындағы жаңа көшеге Меркімбек Үркіншиев көшесі деп атау беру туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19- бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).
Сөйлегендер: К.Молдашев, Т.Калменов – жергілікті қоғамдастық мүшелері: Тұрлыбай батыр ауылындағы жаңа көшеге Меркімбек Үркіншиев көшесі деп атау беру туралы ұсынысты қолдаймыз, сондай-ақ көше атауын беру кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру керек деп есептейміз.
Сөйлеген: Ә.Керімқұлов – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Тұрлыбай батыр ауылындағы жаңадан ашылған көшеге Меркімбек Үркіншиевтің есімін беру – орынды. Жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімін ұлықтау – ұрпаққа өнеге, елге рух береді. Бұл ұрпақ тәрбиесінде мәні зор, елдің рухын көтеретін іс деп санаймыз.
Сөйлеген: А.Бексұлтанов – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Менің айтарым жаңа көше атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысының батырларының есімдерін ұлықтау өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Ономастикалық атауларды ретке келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды мен жан-жақты қолдаймын.
Сөйлеген: Е.Байболсынов – Жамбыл ауылдық округінің әкімі: Тұрлыбай батыр ауылы жаңа алқабындағы жаңа көшеге Меркімбек Үркіншиев көшесі деп атау беру бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.
Қолдағандар: 12 адам;
Қарсы болғандар: 0 адам;
Қалыс қалғандар: 0 адам.
Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Тұрлыбай батыр ауылындағы жаңа көшеге Меркімбек Үркіншиев көшесі деп атау беру туралы ұсыныс жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауысымен қолдау тапқандығын жариялады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
Жиналыс төрағасы Е. Байболсынов
Жиналыс хатшысы Б. Абдураимов