2025 жылғы 18 мамырда өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 18 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақарал ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2380 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1469 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 18 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3
Ақарал ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Таскараев Дос Болатович үшін сайлаушылардың 1246 дауысы берілді,
Таттыбеков Ақәділ Наурызбайұлы үшін сайлаушылардың 115 дауысы берілді.
Узбекбаев Нурсултан Серикович үшін сайлаушылардың 88 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8.
Сайлау қорытындыларымен: Ақарал ауылдық округінің әкімі болып Таскараев Дос Болатович сайланды. 1984 жылы туған, «Са-ба ЛТД» ЖШС логист, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы