2025 жылғы 16 ақпанда өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 16 ақпанда өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті  ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

 ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданы                Тәтті  ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Тәтті  ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне 1270 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 792 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 14 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2

Тәтті ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Арыстанбек Дәулет Нұржанұлы  үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді,

Суанбеков Досжан Бейсеналыевич үшін сайлаушылардың                        677 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15.

Сайлау қорытындыларымен: Тәтті ауылдық округінің әкімі болып Суанбеков Досжан Бейсеналыевич сайланды. 1982 жылы туған, Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман бухгалтері, Жамбыл облысы Меркі  ауданы Жеміс жидек ауылының тұрғыны.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 февраля 2025