Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                               28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                   28 бабының 4 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде      қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелды Наметкулович Наметкуловқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

 

Ж. Баубеков

 

 

 

 

 

Меркі ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "__" желтоқсандағы
№ __ қаулысына қосымша

 

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

 

№

Ауылдық округ атауы

Сайлаушылармен кездесу өткізетін орын

1

"Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәтті ауылы, Мектеп көшесі № 3, Тәтті ауылдық клубының ғимараты.

Беларық ауылы, Сарымолдаев көшесі № 6, Беларық ауылдық клубының ғимараты.

Ақжол ауылы, Төленді көшесі № 20, Ақжол ауылдық клубының ғимараты.

Дата публикации
24 января 2025