Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 16 ақпанға Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 16 ақпанға тағайындалған Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Меркі Ақиқат» газетіне жариялансын және Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
2025 жылғы 8 қаңтар
№1