Комиссия мүшелеріне методикалық көмек көрсетілді

Комиссия мүшелеріне методикалық көмек көрсетілді

2024 жылдың 2 желтоқсанында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Е.Сембеков Меркі ауданында №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды ұйымдастыру кезінде атқарылған жұмыстарды зерделеу мақсатында Меркі ауданында іссапармен болды.

2024 жылдың 08 желтоқсанына тағайындалған Меркі аудандық мәслихатының №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу дайындығымен танысу мақсатында № 270, 288 сайлау учаскелерінің комиссия мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін журналға тіркеу үлгісі көрсетіліп, олармен дұрыс жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Комиссия мүшелері тарапынан блогерлікпен айналысатын және бұзақылық жасаған адамдар туралы сұрақтар қойылып, Қазақстан Республикасының сайлау туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары мен Масс-медиа туралы заңдарына сүйене отырып толыққанды жауаптар алынды. 

 

Дата публикации
04 декабря 2024