Сайлауға дайындық барысы зерделенді

Сайлауға дайындық барысы зерделенді

       Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев және комиссия мүшесі Е.Жапаров жұмыс сапарымен Меркі ауданына келді.

2024 жылдың 08 желтоқсанына тағайындалған Меркі аудандық мәслихатының №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу дайындығымен танысу мақсатында Меркі аудандық сайлау комиссиясының, № 2 округтік сайлау комиссиясы мен бірге № 270, 288 сайлау учаскелерінде болды.

 

Ко­миссия мүшелерінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу жөніндегі құжат айналымы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру күніне дайындығы зерделенді.

 

Дата публикации
04 декабря 2024