Үгіт жұмысы пәрменді жүруде

Үгіт жұмысы пәрменді жүруде

         2024 жылдың 08 желтоқсанына тағайындалған №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауға тіркелген кандидаттар 2024 жылдың 18 қараша мен 2024 жылдың 6 желтоқсан аралығында сайлаушылармен кездесулері өтуде. Аудан әкімінің қаулысына сәйкес, кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының  білім бөлімінің  А.Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі" КММ және А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің ғимараттары қарастырылған. Аталған мекемелерде кандидаттар тарапынан жалпы 5 кездесу, аудандық кітапханада 1 кездесу өткізілген.  Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген кандидаттар М.Алмабаев, К.Камалов және К.Молдашев сайлауалды бағдарламаларын сайлаушыларға насихаттау мақсатында өткізілген кездесулерге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері де қатысты. Сайлаушылар ауыл деңгейін жақсарту  бойынша түрлі сұрақтар мен ұсыныстар айтып, өз ой, пікірлерін білдірді.

         Сайлау учаскелері, атап айтқанда «Ертөстік» балабақшасындағы №270, №7 мектептегі №288 сайлау учаскелері де дауыс беруге толық дайын. Интернациональный ауылындағы кездесуде зейнеткер Мұрат Абдразақов, депутаттыққа кандидат К.Молдашевқа елді мекенде балабақша жоқ екенін, сол сияқты оқушылар қауіпсіздігі үшін тротуар – жаяу жүргінші жолы керек екенін алға тартты. Жалпы үміткер Қ.Молдашев депутаттарға аманат жүктемейтінін, солай десе де егер сайлана қалса, аудан мәслихаты сессияларында мәселе көтеруге уәде берді.

         Ал үміткер М.Алмабаевпен бірге өткен кітапханадағы кездесу де қызу пікір талас, өзара тиімді диалог ретінде өтіп, егер сайлана қалса денсаулық мәселесіне, квота және дәрігерлік комиссиядан өту мәселесіне назар аудармақшы.

Дата публикации
04 декабря 2024