Семинар о подготовке и организации выборов депутата Меркенского районного маслихата вместо выбывшего

Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен ұйымдастыру туралы семинар

 

         Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Аудандық сайлау комиссиясы, №2 округтік сайлау комиссиясы және №270, 288 учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен аудандық кітапхана ғимаратында 2024 жылдың 8 желтоқсанына тағайындалған №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен ұйымдастыру туралы семинар өткізілді.

         Семинарды Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырып, комиссия мүшелеріне арналған тестілеу алынды.

         Семинардың жоспарына сәйкес қатысушылар сайлау процесін ұйымдастыру, үміткерлерді ұсыну мен тіркеу, ақпараттандыру, сайлауалды үгіт және байқаушылармен жұмыс,  қолданыстағы заңнаманы сақтау жөнінде дайындалған кейстік тапсырмаларды қатысушылар 3 топқа бөлініп орындады.          Әр кейстік сұрақтарға жеке тоқталып, ой-пікірмен ашық бөлісу арқылы ситуациялық жағдайлар толық талқыланды.

         Қатысушыларға «Дауыс беру күні» атты іскерлік ойынын өткізу мақсатында арнайы видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар байқаушыларды, сенім білдірілген адамдарды, БАҚ өкілдерін арнайы журналға тіркеу үлгісі мен сайлаушыларға шақыру қағазына үміткерлер туралы енгізілген QR-код ерекшелігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

 

Дата публикации
04 декабря 2024