Меркі аудандық мәслихатының депутаттығына №2 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидаттармен кездесу

Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов 2024 жылдың 08 желтоқсанына №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына тағайындалған сайлауға тіркелген үміткерлермен кездесу өткізді.
2024 жылғы 13 қарашадағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындыларына сәйкес:
Кездесуге арнайы шақырылған «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ Меркі аудандық филиалының директоры А.Мамедов үміткерлерге арнаулы уақытша шоттар туралы түсінік беріп өтті.
Жалпы тіркелген 3 үміткерге сайлау алдындағы үгiт үміткерлер тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталатындығы айтылды.
Үгіт үш негізгі тәсілмен жүргізіледі:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
2) сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ үміткерлердің және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады.
Кездесуде үгіт жүргізу үшін қаражат қарастырылғанын және кандидаттарға қолма-қол берілмейтіндігін, тапсырысты орындаған мекеме орындалған туралы есепті сайлау комиссиясы қабылдап, сол арқылы қаржы тапсырысты орындаған мекемеге аударылатынын түсіндірілді.
№2 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Суюмкулова үміткерлердің сайлау тәртібін сақтауы, бір-біріне артық сөз айтып, балағаттауға болмайтындығын ескертті. Кездесу соңында тіркелген кандидаттарға куәліктері табыс етілді.