2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған
депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының
депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
|
Астана қаласы
2024 жылғы 12 қараша
№ 52/66