2024 жылғы 10 қарашада өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 10 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сұрат ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1513 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 714 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 21 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 4.
Сұрат ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абақ Ғани Сейтжапарұлы үшін сайлаушылардың 342 дауысы берілді,
Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 5 дауысы берілді.
Кушикбай Айтбек Тойлюбекулы үшін сайлаушылардың 0 дауысы берілді.
Шакибаев Канат Боранбаевич үшін сайлаушылардың 340 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 3.
Сайлау қорытындыларымен: Сұрат ауылдық округінің әкімі болып Абақ Ғани Сейтжапарұлы сайланды. 1966 жылы туған, қоғамдық ақылы жұмысшы, Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы