Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабы 6 тармағына,  22 бабына  және №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының                            1 тармағына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекарасы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының  орналасқан жерлері  туралы хабарлайды.

         Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Исмаилов көшесі №167 үй, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» МКҚК ғимараты.

№2 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауданы Жамбыл ауылы, А. Ысмаилов  көшесі №153А, Аудандық орталық кітапхананың ғимараты.

Шекаралары:  Жамбыл, Интернациональный ауылдары.  Құрамына   №270, №288  сайлау учаскелері кіреді.

Дата публикации
15 октября 2024