2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Меркі ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 10845 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 5828 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 44 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Меркі ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Арыстанбек Дәулет Нұржанұлы үшін сайлаушылардың 455 дауысы берілді,
Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлы үшін сайлаушылардың 4780 дауысы берілді.
Узбекбаев Нурсултан Серикович үшін сайлаушылардың 324 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 128.
Сайлау қорытындыларымен: Меркі ауылдық округінің әкімі болып Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлы сайланды. 1991 жылы туған, Меркі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы