Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы
ХАБАРЛАМА
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы, Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы Ә. Ысмаилов көшесі, 167. Телефон: 8(76232)2-12-01
Комиссия төрағасы – Абылкасымов Шорман Туреханович;
Төрағаның орынбасары – Далиева Гульмира Бухашкызы;
Хатшысы – Тойбаев Олжас Бакытович;
Комиссия мүшелері: Нигматуллаева Эльмира Абдуллаева;
Самбетов Бахтияр Жолдасұлы;
Нарікбаев Нұрсұлтан Бахытжанұлы;
Бидасбек Алия Айтқазықызы.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясы