Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

 

 

2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа аудандық аумақтық референдум комиссиясы және учаскелік референдум комиссия төрағалары мен хатшылары қатысты.

Комиссия отырысын ашқан аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов, 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезеңіндегі үгіттің негізгі аспектілерін түсіндірді.

Аудандық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Далиева баяндама жасап, науқанның жалпы ұзақтығы, тағайындалғаннан дауыс беру күніне дейін 35 күн болатынын хабарлады. Дауыс берушілердің тізімдерін жасау бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар тағайындалғаннан кейін бірден бастайды. Дауыс беруден 20 күн бұрын, яғни 15 қыркүйекте тізімдер референдум учаскелеріне берілетіндігін айтып өтті.

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу барысы Күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуге тиіс екендігіне назар аударылу қажет екендігі ескертілді.

Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясы.

 

Дата публикации
07 сентября 2024