Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 2,3 және 4 тармақтарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Меркі ауданында 2024 жылғы 15 қыркүйекке Меркі ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев