Сегізінші шақырылған Меркі аудандық мәслихатының депутаты
Е. Калысбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы N148 Заңының 20-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына және
4-тармағына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен сайланған
Меркі аудандық мәслихатының депутаты Ерлан Нурланович Калысбаев
2024 жылғы 02 маусымда Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлануына байланысты мәслихат депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Ерлан Нурланович Калысбаевтың Меркі аудандық мәслихатының депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным
Меркі аудандық мәслихатына енгізілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев