2024 жылғы 02 маусымда өткен Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес және Рысқұлов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 02 маусымда өткен Жамбыл облысы Меркі  ауданы Кеңес және Рысқұлов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылғы 02 маусымда  Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес және Рысқұлов  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Кеңес ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1386  азамат енгізілді. Дауыс беруге – 676  сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 13 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Койшибаев Бек Асубекович  үшін сайлаушылардың 357 дауысы берілді,

Тлеумбетов Адилет Жолдасович үшін сайлаушылардың 306 дауысы берілді.

Шимиров Аманбек Усенович  үшін сайлаушылардың 1 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 0.

Сайлау қорытындыларымен: Кеңес ауылдық округінің әкімі болып Койшибаев Бек Асубекович  сайланды. 1987 жылы туған, Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-ӘТО инспекторы, Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес ауылының тұрғыны.

Рысқұлов ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2266  азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1221  сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Арыстанбек Дәулет Нұржанұлы  үшін сайлаушылардың 39 дауысы берілді,

Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 46 дауысы берілді.

Калысбаев Ерлан Нурланович  үшін сайлаушылардың 1098 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 19.

Сайлау қорытындыларымен: Рысқұлов  ауылдық округінің әкімі болып Калысбаев Ерлан Нурланович  сайланды. 1986 жылы туған, Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры, Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 июня 2024