Меркі ауылы село Мерке
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №350 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4330 болып тіркелген) қаулысының;
"Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 152 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2586 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелды Наметкулович Наметкуловқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Меркі ауданының әкімі
|
|
Ж. Баубеков
|