Меркі ауданы Кеңес және Рысқұлов ауылдық округтері әкімдерін
сайлау бойынша кандидаттар ұсыну туралы ақпарат
Меркі ауданы Кеңес және Рысқұлов ауылдық округтері әкімдерін
сайлау бойынша келесі кандидаттар ұсынылды.
Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 4 кандидат ұсынылды. Олардың 1-і (25,0%) «Байтақ» жасылдар партиясы ҚБ, 3-і (75,0%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Рысқұлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 4 кандидат ұсынылды. Олардың 4-і (100,0%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Кеңес ауылдық округі бойынша
- Кушикбай Айтбек Тойлюбекулы, 1992 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы директордың орынбасары, Меркі ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, «Байтақ» жасылдар партиясы ҚБ ұсынған.
- Койшибаев Бек Асубекович, 1987 жылы туылған, Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман ӘТО инспекторы, Меркі ауданы Кеңес ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Тлеумбетов Адилет Жолдасович, 1983 жылы туылған, №6 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, Меркі ауданы Кеңес ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Шимиров Аманбек Усенович, 1979 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» директордың орынбасары, Меркі ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Рысқұлов ауылдық округі бойынша
- Арыстанбек Дәулет Нұржанұлы, 1995 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы ақпараттық талдау бөлімінің басшысы, Меркі ауданы Қостоған ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Ахметов Бақыт Артыкович, 1978 жылы туылған, Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қаржы агенті, Меркі ауданы Рысқұлов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Әбу Дарын Тұрабекұлы, 1986 жылы туылған, Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс жүргізуші, Меркі ауданы Меркі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Калысбаев Ерлан Нурланович, 1986 жылы туылған, Бұқаралық спорттық іс – шараларды өткізу орталығының директоры, Меркі ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.