Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2024 жылдың І тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
2024 жылдың І тоқсанында аудан әкімінің өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес Кеңес және Андас батыр ауылдық округтерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 302 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері
дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2024 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппаратында («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі) және Сұрат ауылдық округі әкімінің аппаратында («Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі) мерзім бұзу фактілері орын алды.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан 51 099 адамды қамтыған 89 іс-шаралар (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) өткізілді.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 11 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 36 пост жарияланып, 3901 адам қамтылды.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 2 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.