Меркі ауданында Кеңес және Рысқұлов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Меркі ауданында  Кеңес және Рысқұлов ауылдық округтерінің

әкімдерін сайлау бойынша  сайлау округтерін құру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы               ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Кеңес ауылдық округінің әкімі – Кеңес ауылдық округінің шекарасында Кеңес сайлау округі;

2) Рысқұлов ауылдық округінің әкімі – Рысқұлов ауылдық округінің шекарасында Рысқұлов сайлау округі;

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                  Ш. Абылкасымов

 

 Хатшы                                                                 О. Тойбаев

 

 

 

 

Меркі ауылы

2024 жылғы 24 сәуір

№6

 

Дата публикации
24 апреля 2024