«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22 бабы 2, 2-1 тармақтарына және №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 3 тармағына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекаралары мен округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерлері туралы хабарлайды.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Исмаилов көшесі №167 үй, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» МКҚК ғимараты.
№15 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қызыл Қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №38, №3 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қызыл қыстақ, Арал кишлак, Акермен, Ақкөз – Қайнар, Алтынарық, Кентай, Ойтал ауылдары. Құрамына №297, №283, №300 сайлау учаскелері кіреді.