Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға Меркі ауданының № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Меркі ауданы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.

 

Округ орталығы: Қызыл Қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі, №38, тел. 8(72632) 5-47-94.

Округ шекаралары:  Қызылқыстақ, Аралкишлак, Ақермен, Ақкөз – Қайнар, Алтынарық, Кентай, Ойтал ауылдары. Құрамына №297, №283, №300  сайлау учаскелері кіреді.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 

Дата публикации
31 января 2024